«Кітап – қымбат қазына»
3 сәуір күні №13 балалар кітапханасы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің кітапханасымен бірлесіп, «Кітап – қымбат қазына» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Шараға 5 «Е» сынып оқушылары, кітапхана меңгерушісі Алмира Мажитқызы, кітапханашы Бақтыгүл Жалмағанбетқызы және сынып жетекшісі Туғанбаева Ақмоншақ Төленқызы қатысты.
Шараның мақсаты – оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, балалар кітабы күнінің тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, білімге құштарлықтарын ояту және кітапты қадірлеуге, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары балаларға арналған қызықты ертегілер мен әңгімелерді, сондай-ақ Отан, туған жер, табиғат тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар «Кітап – қымбат қазына» атты көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды.







