» » «Журнал «Простор» в гостях у читателей земли Сыра»

«Журнал «Простор» в гостях у читателей земли Сыра»

  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Қызылорда облыстық «Славяне» этно мәдени орталығымен бірлесіп, «Журнал «Простор» в гостях у читателей земли Сыра» тақырыбында шығармашылық кездесу кешін ұйымдастырды. Кеш қонақтары – журналдың бас редакторы Фархат Фаритұлы Тамендаров және Қазақстан Жазушылар одағының орыс әдебиеті және әдеби байланыстар жөніндегі кеңесінің төрағасы, прозаик-жазушы В.В. Шупейкин болды.
 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа «Простор» журналының шығу тарихын таныстыру, журнал бетінде жарық көрген қазақ ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жазушы, лингвист В.И.Дальдың түсіндірме сөздігі туралы ақпарат беру.
  Кездесу барысында Фархат Фаритұлы Тамендаров пен В.В.Шупейкин сөз сөйлеп, «Простор» журналында шығармалары жарияланып, оқырман жүрегінен орын алған қазақ қаламгерлері туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, В.И.Дальдың түсіндірме сөздігі жайлы қызықты деректермен бөлісті.
 Шараға «Болашақ» университеті колледжінің 1-курс студенттері қатысып, Абайдың қара сөздерін мәнерлеп жатқа оқып, кеш қонақтарының ерекше ықыласына бөленді.
 Кеш соңында Фархат Фаритұлы Тамендаров туған өлке – Қызылорда облысына арналған мақаласы жарияланған «Простор» журналының №3 санын, ал В.В.Шупейкин Алматы туралы әңгімесі енген кітабын кітапхана қорына сыйға тартты. Сондай-ақ Қызылорда облыстық «Славяне» этномәдени орталығының жетекшісі Г.С.Щербакова А.С.Пушкиннің «Золотые сказки» ертегі кітабын тарту етті.
 Кездесу кеші мазмұнды әрі қызықты өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
03 сәуір 2026 ж. 12

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам