«Кітап – рухани қазына»

  №11 кітапханада №215 мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні аясында «Кітап – рухани қазына» атты әдеби сайыс болып өтті.
  Шараның мақсаты – балалар әдебиетін насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
 Шараға №215 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсия Қалдыбаева және әдебиет пәнінің мұғалімі Индира Балымбетова қатысты.
  Әдеби сайыс «Білімпаздар» және «Зерделі» командалары арасында өтті. Сайыс үш кезеңнен тұрды: берілген шығарманы жалғастыру, шығарманы өз ойымен жазбаша толықтыру және жедел сұрақтарға жауап беру. Оқушылар өз білім деңгейлерін жоғары деңгейде көрсетті.
  Сайыс тартымты әрі қызықты өтті. Нәтижесінде «Білімпаздар» командасы жеңіске жетті.

03 сәуір 2026 ж. 49

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам