» » Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!

Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!

  №13 балалар кітапханасы 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» атты мамандармен кездесу өтті.
  Шараның мақсаты – оқырмандарға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтау мен нығайту жолдарын үйрету, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
  Аталған шараға №11 мектеп-лицейінің медбикесі Бақбергенова Гүлмира Асылбекқызы және №4 қалалық емхананың салауатты өмір салты бойынша мейіргер маманы Искакова Татьяна Валентиновна қатысты. Олар денсаулық – адамзаттың ең құнды байлығы екенін атап өтіп, оны ешбір дүниемен салыстыруға болмайтынын жеткізді. Сонымен қатар, денсаулықтың негізі – қимыл-қозғалыс, спорт, дұрыс тамақтану және таза ауада серуендеу екенін түсіндірді. Оқушылармен бірге сергіту жаттығулары жүргізілді.
  Шара барысында салауатты өмір салтын насихаттайтын ақпараттық материалдар таратылды. Сонымен қатар «Салауатты өмір – заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, табиғаттың адам баласына берген ең үлкен байлығы – денсаулық екенін, оны сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүру қажеттігі таныстырылды.
09 сәуір 2026 ж. 2

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам