«Ғарыш әлемін бағындырған батыр»
№4 кітапханада 12 сәуір – Бүкіләлемдік авиация және ғарыш күні аясында және қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің туғанына 80 жыл толуына орай «Ғарыш әлемін бағындырған батыр» атты ауызша журнал болып өтті.
Шараның мақсаты – оқушыларға ғарышты игеру тарихы туралы мағлұмат беру, ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы мен ерлігін таныстыру арқылы жас ұрпақты білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Ауызша журнал барысында ғарышты зерттеу кезеңдері, алғашқы ғарышкерлер туралы қызықты деректер ұсынылды. Сонымен қатар қазақ халқының мақтанышы болған тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ерлігі кеңінен насихатталды.







