«Көк аспанның ақиығы»

№16 кітапханада қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына орай «Көк аспанның ақиығы» атты танымдық сағат өткізілді. Шараға Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
 Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға Т.Әубәкіровтің өмір жолы мен еңбектерін таныстыру, оның өнегелі өмірін үлгі ету және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
 Шара барысында қазақтың тұңғыш ғарышкері, сынақшы-ұшқыш, техника ғылымдарының докторы, профессор, Кеңес Одағының Батыры,  Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы мен ерен еңбегі кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, оның авиациялық-ғарыштық техниканы дамытуға қосқан үлесі, 50-ден астам жаңа ұшақ түрін сынақтан өткізудегі шеберлігі және ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы жан-жақты мәлімет берілді.
10 сәуір 2026 ж. 29

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам