Интернетсіз кітап

 №6 кітапхана И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі студенттері арасында «Интернетсіз кітап» атты дөңгелек үстел өткізді.
  Шараның мақсаты – жастарды кітап оқуға баулу, интернет дәуірінде кітаптың маңызын насихаттау және оқырман мәдениетін қалыптастыру.
  Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ойларын білдіріп, пікірталас еркін форматта өрбіді. Әсіресе, кітап пен интернеттің артықшылықтары салыстырылып, кітаптың рухани байлықтың негізгі көзі екені кеңінен талқыланды. Студенттер өздерінің сүйікті кітаптары туралы бөлісіп, кітап оқудың адам өміріндегі маңызы жайында әсерлі пікірлер айтты.
  Шара соңында қатысушылар кітап оқуға деген қызығушылығы артқанын айтып, осындай мазмұнды кездесулердің жиі ұйымдастырылуына тілектерін білдірді.
10 сәуір 2026 ж. 17

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам