Туған тұғырдан ғарышқа

  №18 кітапханада 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай, Тоқтар Әубәкіровтің 80 жыл мерейтой аясында «Туған тұғырдан ғарышқа» атты ақпараттық сағат болып өтті. Шара №197 мектептің 5 «В» сынып оқушылары және мұғалімдері Айгерім Шағарова мен Әсел Қасымованың қатысуымен өтті.
  Шараның мақсаты – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің өнегелі өмір жолы мен ерлігін насихаттау. Сонымен қатар, оның Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге және әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын дамытуға қосқан үлесін таныстыру.
  Іс-шара барысында оқушылардың ғарыш әлемі туралы түсінігі кеңейіп, уақыт пен кеңістік, қоршаған орта құбылыстарына қызығушылығы артты. Сондай-ақ, арманына жеткен тұлға ретінде Тоқтар Әубәкіровтің өмірі үлгі етіліп, оқушылардың жүрегінде отансүйгіштік, құрмет және ғылым мен білімге деген қызығушылық сезімдері қалыптасты.
 
10 сәуір 2026 ж. 19

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам