Жаңа кітаптар – жан азығы
№17 кітапханада «Жаңа кітаптар – жан азығы» атты оқырмандарды жаңа әдеби туындылармен таныстыруға бағытталған дебют-көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және заманауи әдебиетті кеңінен таныстыру.
Кітапхана оқырмандары Бердиев Баубек, Нұрлыбекқызы Аягөз, Серікбай Мағжан көрмеден өздеріне қызықты туындыларды таңдап қана қоймай, жаңа авторлармен де танысты. Атап айтқанда, түрік жазушысы Орхан Кемалдің «Әке үйі» романы, жазушы Ермек Аманшаевтың «Адасқан ұлыңды жазғыра көрме, жаратқан!» атты шығармасы, сондай-ақ Сәуле Досжанның жасөспірімдер мен балаларға арналған «Бала шақтан болашаққа» атты ғұмырнамалық повесі ұсынылды.
Сонымен қатар, көрмеге қойылған әдебиеттерге қысқаша шолу жасалып, олардың мазмұны мен ерекшеліктері туралы кеңінен мәлімет берілді.







