Аспан әлемінің сырлары
№9 кітапханада 12 сәуір – Ғарышкерлер күні аясында «Аспан әлемінің сырлары» атты ақпараттық сағат болып өтті. Аталған шараға №218 мектеп оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты – адамзаттың ғарышты игеру жолындағы жетістіктерін насихаттау, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында оқушылар ғарыш тарихымен танысып, ғарышкерлер туралы қызықты деректер алды. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты әдебиеттер таныстырылып, танымдық мәліметтер ұсынылды.







