Қасиетті топырақтан ашылған қақпа

  №11 кітапханада 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Қасиетті топырақтан ашылған қақпа» атты танымдық сағат болып өтті. Шараға №125 мектептің 6 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Г.Малкенова қатысты.
  Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандарға ғарыш әлемі туралы кеңінен түсінік беру, олардың ғылымға, зерттеуге және жаңа жаңалықтар ашуға деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, адамзаттың ғарышты игеру жолындағы аса маңызды жетістіктерінің бірі екендігін насихаттау.
  Шара барысында оқушыларға ғарыш тарихы, алғашқы ғарышкерлер және Қазақстаннан шыққан ғарышкерлер туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Танымдық слайд көрсетіліп, ғарыш кеңістігінің құпиялары мен ерекшеліктері таныстырылды. Оқушылар белсенділік танытып, жасырылған сөзжұмбақ шешіп, ғарыш тақырыбына сурет салды.
  Сонымен қатар, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ғарыш туралы қызықты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін толықтырды. Шара жас оқырмандардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
10 сәуір 2026 ж. 28

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам