Аспанға ұшқан қос жұлдыз
№2 балалар кітапханасында 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Аспанға ұшқан қос жұлдыз» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандарды ғарыш әлемімен таныстыру, олардың танымдық қызығушылығын арттыру және ғарышкерлердің ерлігін насихаттау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шолу барысында балаларға тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин мен қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолдары, ерліктері мен жетістіктері туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, көрмеге қойылған кітаптар арқылы олардың ғарышты игерудегі еңбектері мен тарихи маңызы кеңінен түсіндірілді.
Оқырмандар ұсынылған әдебиеттермен танысып, ғарыш тақырыбына қатысты қызықты деректер білді. Жас ұрпаққа үлгі болатын тұлғалардың өмірі мен еңбектері арқылы оқушылардың отансүйгіштік сезімі қалыптасып, білімге деген құштарлығы артып, ой-өрісі кеңейе түсті.







