«Кемел адам» кітабы
№1 кітапханада белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабы бойынша кітап талдауы болып өтті.
Шараның мақсаты – оқырмандарды адамзаттық құндылықтар арқылы рухани дамуына, өзін-өзі жетілдіруіне, сөздік қорларын байытып, өз ойларын еркін жеткізуіне ықпал жасау. Денсаулығы мықты, айналасымен қарым-қатынасы жақсы, білімі терең, мінезі көркем, қаржылай тәуелсіз тұлға болуға тәрбиелеу.
Шара барысында кітап авторы Қ.Жолдыбайұлының өмірі мен еңбек жолы таныстырылып, «Кемел адам» кітабының негізгі мазмұны мен идеясы баяндалды. Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің мұғалімі Тоғжан Насреддинқызы және жас оқырмандар сөз алып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Олар бұл еңбектің жеке өміріне оң өзгеріс енгізгісі келетін әрбір жанға бағыт-бағдар беретін құнды туынды екенін атап өтті.







