Ғарышкерлер

  №10 кітапханада 12 сәуір – Бүкіләлемдік авиация және ғарыш күніне орай «Ғарышкерлер» атты танымдық сағат болып өтті.
  Шараның мақсаты – оқушыларға ғарыш әлемі туралы жан-жақты мәлімет беру, сондай-ақ қазақ елінен шыққан тұңғыш ғарышкерлердің ерлігін насихаттау.
  Шара барысында оқушыларға ғарышкердің алғашқы ғарыш сапарлары, ғарыш кемелері мен олардың қызметі туралы қызықты деректер айтылды. Сонымен қатар қазақтың батыр ұлдары – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы кеңінен мағлұмат беріліп, олардың ғарышқа ұшу жолындағы еңбектері мен жетістіктері таныстырылды.
  Шара аясында бейнеролик көрсетіліп, «Ғарышкерлер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғарыш тақырыбындағы танымдық әдебиеттер мен энциклопедиялар қойылып, кітаптарға қысқаша шолу жасалды.
11 сәуір 2026 ж. 37

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам