Тоқтар Әубәкіров – біздің жарық жұлдызымыз
№13 кітапхана Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицей кітапханасымен бірлесіп, 12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және ғарыш күні аясында, Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жасқа толуына орай «Тоқтар Әубәкіров – біздің жарық жұлдызымыз» атты танымдық сағат өткізді. Аталған шараға №11 мектеп-лицейінің 4 «Б» сынып оқушылары, кітапхана меңгерушісі Альмира Мажитқызы және бастауыш пән мұғалімі Жиенбай Алтынай Бақытбекқызы қатысты.
Шараның мақсаты - Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы мен еңбегі, ғарыш және космос туралы мағлұмат беріп, ғалам құпияларын тануға қызығушылығын арттыру.
Шара барысында Қазақстан тарихы бетінде алтын әріппен жазылған тұңғыш қазақ ғарышкері туралы кеңінен мағлұмат беріліп, бейнебаян көрсетілді. «Ғарыш әлемін бағындырған батыр» атты кітап көрмесі насихатталды. Оқушылар ғарыш тақырыбындағы кітаптарды қызығушылықпен қарап, өздеріне қажетті әдебиеттерді таңдап алды.







