«Адалдық – адамдықтың айнасы»

 №4 кітапханада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адалдық – адамдықтың айнасы» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Аталған шараға №253 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жанбыршиева,  кітапханашы А.Сейдахметова және ұстаздары қатысты.
   Шараның мақсаты – қоғамда адалдық, парасаттылық қағидаларын насихаттау, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру.
  Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның қоғам дамуына кері әсері және оны болдырмаудың жолдары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, адал еңбек ету, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.
  Шара өз мақсатына жетіп, қатысушылар арасында адалдық пен әділдік қағидаларын нығайтуға ықпал етті.
14 сәуір 2026 ж. 7

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам