» » «100 кітап» ұлттық жобасы аясында Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша кітап талдауы өтті.

«100 кітап» ұлттық жобасы аясында Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша кітап талдауы өтті.

 15 сәуір №3 кітапханада «100 кітап» ұлттық жобасы аясында Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша кітап талдауы өтті. Шараға Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің 9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.
 Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға шығарманың идеясы мен мазмұнын тереңірек ашып көрсету, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты талдау, туындының көркемдік және тәрбиелік құндылығын насихаттау.
«Ұлпан» романын талқылау барысында қатысушылар әйел тағдыры, ана бейнесі, қоғамдағы әйелдің орны ерекше көркемдікпен бейнеленгенін атап өтті. Сонымен қатар шығармада билік, байлық, адамгершілік, махаббат сияқты маңызды тақырыптардың терең қозғалғаны жөнінде өз ойларымен бөлісті.
15 сәуір 2026 ж. 3

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам