«Кітапхана десанты»

 23 сәуір – Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні қарсаңында кітапхана жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана және №2 балалар кітапханасы «Кітапхана десанты» тақырыбымен А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектепте қонақта болды.
 Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты кітапхана қызметімен таныстыру және кітап оқуды насихаттау.
Орыс тілі апталығы аясында ұйымдастырылған шара барысында оқушылар орталық кітапхананың тарихымен, заман талабына сай атқарылып отырған іс-шаралармен, түрлі жанрдағы көркем әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, кітап оқуға деген қызығушылығын танытып, кітапхана қызметкерлеріне сұрақтар қойып, өздеріне қажетті ақпарат алды.
 Шара барысында оқушыларға кітапхана туралы дайындалған бейнебаян көрсетілді. Жас ұрпақтың кітап оқуға, білімін арттыруға, ой-өрісін дамытуға деген құштарлығын білдірген кері байланыс бұл кездесудің жоғары деңгейде өткенін айқындады.
 
15 сәуір 2026 ж. 2

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам