«Алып күш иесі – Қажымұқан»
№13 балалар кітапханасы әлемге әйгілі қазақ палуаны, алып күш иесі, французша күрестен бірнеше дүркін халықаралық чемпион, шет елдерде үлкен даңққа бөленген тұңғыш қазақ – Қажымұқан Мұңайтпасовтың 155 жылдығына орай «Алып күш иесі – Қажымұқан» атты спорт сағатын өткізді.
Аталған шараға №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің оқушылары, әдіскер Жаханша Арыстанбек, қазақ күресінен жаттықтырушы Сисенбаев Болатбек және Жеңісбек Бақдәулет қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы мен спорт саласына қосқан зор үлесін оқырмандарға насихаттау, жас ұрпақты спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Шара барысында Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі, жетістіктері және қазақ халқы үшін мақтаныш екендігі туралы өз ойларымен бөлісіп, батыр бабаның ерліктері насихатталды. Сондай-ақ жастар арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылып, оқушылар күш сынасты.
Сонымен қатар «Күш атасы – Қажымұқан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бүкіл ғұмырын күрес өнеріне арнаған, қазақ халқын әлемге танытқан, алтын-күміс медальдарды иеленген Қажымұқан бабамыздың өмір жолы мен ерлігі кеңінен таныстырылды.









