«Ұлт таңдауы – 100 кітап»
№12 кітапханада «Орда» жоғары колледжінің Бб-9/14 Г тобы студенттерінің қатысуымен «Ұлт таңдауы – 100 кітап» жобасы аясында жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы бойынша «Бір кітап – бір сахналық қойылым» атты кітап талдауы болып өтті.
Шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті туындысы, 1970 жылы жарық көрген, оқырман жүрегінен ерекше орын алған «Махаббат, қызық мол жылдар» романының мазмұнын түсіндіру және жастарға рухани құндылықтарды насихаттау.
Іс-шара барысында студенттер шығарма желісі бойынша сахналық көрініс қойып, кейіпкерлер бейнесін шебер сомдады. Сонымен қатар роман мазмұнына байланысты сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Шығарма желісі бойынша Мырзахан Қарақат пікір білдіріп, өз көзқарасын ортаға салды.