«Ұлы дала – Шөл даланың ұлымын»
№6 кітапханада Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына орай К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушылары арасында «Ұлы дала – Шөл даланың ұлымын» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – ақын шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухты дәріптеу.
Кеш барысында оқушылар ақынның жүрекке жылы тиетін әсерлі өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармаларындағы туған жерге деген сүйіспеншілік пен кең дала рухын ерекше ықыласпен жеткізе білді. Әрбір өлең жолы көрерменге терең әсер қалдырып, поэзияның құдіретін сезіндірді.
Сонымен қатар, шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен мәлімет беріліп, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар көрмеге қойылған туындылармен танысып, поэзия әлеміне тереңірек бойлады.
Поэзия кеші жас оқырмандардың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттырған мазмұнды да тағылымды шара болды.







