«Ғани тағылымы – ұрпаққа ұлағат»
№3 кітапхана 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай «Ғани тағылымы – ұрпаққа ұлағат» атты еске алу сағаты Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен өткізді.
Шараның мақсаты – қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың жастар қозғалысын дамытуға, халыққа қызмет етуге және қоғамдық белсенділікті арттыруға қосқан үлесін насихаттау, оның өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету.
Шара барысында Ғани Мұратбаевтың өмірбаяны, қоғамдық қызметі, ел болашағы үшін атқарған еңбектері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар оның идеялары мен жастарға қалдырған рухани мұрасы туралы мағлұмат беріліп, оқушылар тарапынан өлеңдер оқылды.
Іс-шара жас буынның тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, отансүйгіштікке, белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге бағытталды.