» » «Ескерткіштер – Ұлы даланың шежіресі»

«Ескерткіштер – Ұлы даланың шежіресі»

 №18 кітапхана 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ескерткіштер – Ұлы даланың шежіресі» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді. Шараға №197 мектептің 7 сынып оқушылары мен жетекшісі, мұғалім Ж.Дүйсенова қатысты.
 Шараның мақсаты – оқушыларға тарихи-мәдени мұралардың көне тарихтың куәсі екендігін түсіндіру, өткенімізден сыр шертіп, бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен ескерткіштердің маңызын насихаттау. Сонымен қатар, оларды қорғап, сақтау әрбір азаматтың туған жеріне деген жанашырлығы мен мәдени мұраларға деген құрметінің айқын көрінісі екенін ұғындыру.
 Шара барысында оқушыларға қаламыздағы тарихи ескерткіштер мен мәдени мұралар жайлы кеңінен мәлімет беріліп, осы тақырыпта жазылған әдебиеттермен таныстырылды.
17 сәуір 2026 ж. 3

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам