«Имандылық жүрекке ұяласа»

 №19 кітапханада «Имандылық жүрекке ұяласа» атты имандылық сағаты ұйымдастырылды.
 Шараның мақсаты – ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы жөнінде түсінік беру, имандылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу, сондай-ақ ислам дінінің шынайы рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау.
 Шара барысында дін мәселесінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі кеңінен сөз болды. Әсіресе, жастардың діни көзқарасын дұрыс қалыптастыру, оларға байыпты әрі салмақты түсінік беру – сала мамандарының жауапкершілігін талап ететін маңызды міндет екені атап өтілді. 
 Осы орайда Мырқы қажы мешітінің имамы Айтжан Мұсаұлы студент жастарға дәстүрлі ислам дінінің негізгі құндылықтары мен адамгершілік қағидалары туралы тағылымды әңгіме өрбітті. 
 Шара соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты, тұшымды жауаптар алды.
  
17 сәуір 2026 ж. 16

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам