«Сөзбен сырдың киелі мекені»

 №5 кітапханада Сөз өнері арқылы өлкетану бағытын дамыту, жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Сөзбен сырдың киелі мекені» тақырыбында дауыстап оқу болып өтті.
 Шара барысында өңір қаламгерлерінің көркем туындылары оқылып, олардың шығармаларындағы терең ой, ұлттық рух пен өмір шындығы кеңінен насихатталды. Қатысушылар әдеби шығармаларды мәнерлеп оқып, әр туындының мазмұны мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталды. Бұл өз кезегінде тыңдаушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, сөз өнерінің құдіретін тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Оқырмандар өзара пікір алмасып, жергілікті авторлардың шығармашылығына қатысты ойларын ортаға салды. 
 Шара соңында кітапхана қызметкерлері оқырмандарды жергілікті қаламгерлердің кітаптарын оқуға шақырып, әдеби мұраны дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. 
17 сәуір 2026 ж. 73

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам