«Кітапхана түні – 2026»
№19 кітапханада 23 сәуір – Ұлттық кітап және Кітапханашылар күніне орай «Кітап – ақыл ойдың айдыны» атты «Кітапхана түні – 2026» акциясы аясында жас ақындармен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Аталған шараның басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, заманауи қазақ поэзиясын насихаттау, сондай-ақ жас ақындар мен оқырмандар арасында рухани және шығармашылық байланыс орнату.
Кеш қонақтары Ұлықбек Бекұзақұлы, Сәния Жақып, Бексұлтан Санақұл, Нұркелді Өтепберген, Дина Бөлебай.
Кешті ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақжол Түменбай жүргізді.
Шара барысында жас ақындар өз шығармаларын оқып, поэзиядағы ізденістері мен шығармашылық жолдары туралы ой бөлісті. Акындардың өлендеріне шыккан әндері, жанды дауыста шыркалды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, еркін пікір алмасу алаңы қалыптасты. Бұл өз кезегінде жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылыққа деген ынтасын оятуға ықпал етті.
Іс-шара барысында ұлттық құндылықтар мен ана тіліміздің көркемдігі кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, кешке қатысушылар әдеби ортаға жақындай түсіп, кітапханаға деген жаңа көзқарас қалыптастырды.
Мұндай мәдени іс-шаралар жастардың рухани дамуына, кітап оқу мәдениетінің қалыптасуына және шығармашылық белсенділіктің артуына оң әсерін тигізеді.
Кеш соңында Ұлықбек Бекұзақұлы кітапхана ұжымына және Ақжол Түменбайға ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде: «Іні-қарындастарымның жазары көбейсін. Өмір бойы адам толықтай бақытты болмауы мүмкін, алайда бақытты сәттеріміз көп болсын. Осындай тағылымды, сезімге толы кештерде жиі жолығайық», – деп ізгі тілегін жеткізді.
Аталған лебіз кештің мазмұнын толықтырып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.








