«Қалам мен қиял үндестігі»

 23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада жерлес қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұрлан Көбегенұлы Нұрмахановпен «Қалам мен қиял үндестігі» атты кездесу кеші өтті.
 Шараның мақсаты – жастарға қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және кітапханаға оқырман тарту.
 Кеш барысында Нұрлан Көбегенұлы өз шығармашылық жолы туралы сыр шертіп, әдебиет әлеміндегі ізденістерімен бөлісті. Сонымен қатар, жүректен туған жаңа өлеңін оқып, оқырмандарға ерекше әсер сыйлады.
 Кездесуге «Болашақ» жоғары медицина колледжінің студент-жастары қатысып, әдебиет пен ақындық өнер жайлы көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды әрі тұшымды жауаптар алды. Әңгіме барысында Сыр бойы ақын-жазушыларының шығармашылығы, ана тіліміздің қоғамдағы орны мен маңызы төңірегінде де кеңінен ой қозғалды.
 Кештің көркін кітапхананың белсенді оқырманы Бексұлтан Санақұл өз орындауында «Арайлым», «Махаббат құдіреті» өлеңдерін оқумен аша түсті. Сондай-ақ, «Сейхун» колледжінің 2 курс студенттері Сайрамбек Жансая мен Тыныштықбай Жансая өздерінің сүйіп оқыған шығармаларынан үзінділер оқып, атап айтқанда Дулат Исабековтің «Қарғын», «Сүйекші» шығармаларынан және Мұқағали Мақатаевтың  «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан әсерлі жолдарды мәнерлеп жеткізіп, көрерменнің ықыласына бөленді.
Тағылымы мол кеш мазмұнды әрі әсерлі өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады.
  
17 сәуір 2026 ж. 10

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам