«Кітап – өшпес жарық»
23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында №8 кітапханада «Кітап – өшпес жарық» атты мазмұнды демалыс сағаты ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – оқырмандарды кітап оқуға баулу, рухани құндылықтарды дәріптеу және кітаптың адам өміріндегі маңызын кеңінен насихаттау.
Іс-шара барысында кітапханашы кітаптың адамзат өркениетіндегі орны, оның білім мен мәдениетті дамытудағы рөлі туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Балаларға түрлі жанрдағы көркем әдебиеттер таныстырылып, жаңа кітаптар ұсынылды. Жас оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптары жайында ой бөлісіп, мәнерлеп оқу арқылы көркем шығармалардан үзінділер оқыды. Бұл олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сөз мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Шара соңында кітапханашы барша оқырманды кітаппен достасуға, бос уақытын пайдалы өткізуге шақырып, рухани байлықтың қайнар көзі – кітап екенін тағы бір мәрте еске салды.







