«Кітап. Тарих. Шежіре»
№9 кітапханада 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап. Тарих. Шежіре» атты кітапханалық ассорти өткізілді.
Шараның мақсаты – оқырмандарды кітап оқуға баулу, олардың рухани дүниесін байыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және кітаптың адам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіру.
Шара барысында «Ұлттық құндылық – мәңгілік мұра» тақырыбында мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға ұлттық құндылықтар, қазақ халқының тарихы мен шежіресіне қатысты әдебиеттер кеңінен таныстырылды. Көрме арқылы қатысушылар ата-бабалар мұрасы, тарихи деректер мен рухани қазыналар жөнінде мағлұмат алды.
Сонымен қатар, әдеби оқу ұйымдастырылып, қатысушылар көркем шығармалардан үзінділер оқыды. Мәнерлеп оқу барысында оқушылар өздерінің оқу шеберліктерін көрсетіп, тіл байлығын арттырды. Бұл бөлім қатысушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыра түсті.
Іс-шара аясында викториналық сұрақ-жауап өткізіліп, оқырмандардың әдебиет, тарих және ұлттық құндылықтар бойынша білімдері сараланды. Қатысушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты.
Шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларын ортаға салды.
Все реакции:3Нұргүл Төлеубай, Римма Кенжеева и ещё 1










