«Кітап – ғасыр мұрасы»

№14 кітапхана 23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында «Кітап – ғасыр мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырды.
 Іс-шараның мақсаты – кітаптың адам өміріндегі орны мен рухани құндылығын дәріптеу, оқырман қауымның кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ұлттық әдеби мұрамен кеңінен таныстыру.
 Көрме барысында қазақ жазушыларының шығармалары оқырман талғамына ұсынылды. Кітапханашы көрменің мән-маңызын жан-жақты түсіндіріп, кітаптың адамзат өркениетіндегі орны туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Қатысушыларға кітаптың тек ақпарат көзі ғана емес, рухани тәрбие мен ой-өрісті кеңейтетін асыл қазына екені ерекше атап өтті.
 Көрме соңында қатысушылармен шағын пікір алмасу ұйымдастырылып, кітап оқу мәдениетін дамыту туралы ойлар ортаға салынды. «Кітап – ғасыр мұрасы» кітап көрмесі мазмұндық тереңдігімен және тәрбиелік мәнімен ерекшеленіп, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады. 
21 сәуір 2026 ж. 8

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам