«Жасөспірім және заң»

 №17 және №15 кітапханалардың бірлесіп ұйымдастыруымен С.Әлжіков атындағы №144 орта мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Жасөспірім және заң» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
 Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын кеңінен түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу.
 Дөңгелек үстелге арнайы қонақ ретінде Қызылорда қалалық полиция басқармасының қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы учаскелік полиция капитаны Жандос Дәулетбайұлы қатысты. Полиция қызметкері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себеп-салдарына тоқталып, олардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті екені ерекше атап өтті.
 Шара барысында оқушылар тарапынан «Жасөспірімдер қай жастан бастап жауапкершілікке тартылады?», «Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері қандай?», «Қазіргі қоғам мен мектептің рөлі қандай?» сынды өзекті сұрақтар қойылып, маман тарапынан нақты әрі мазмұнды жауап берілді. Бұл өз кезегінде қатысушылардың құқықтық танымын кеңейтіп, заңға деген құрметін арттыра түсті.
 Кездесу соңында С.Әлжіков атындағы №144 орта мектептің мұғалімі Палымбетова Нұргүл сөз алып, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол әрбір жасөспірім өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтап, өзгенің құқығын құрметтей білуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, жауапкершілігі жоғары, саналы ұрпақ қана қоғамның дамуына үлес қоса алатынын жеткізді.
21 сәуір 2026 ж. 24

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам