23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні
23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай кітапхана саласы қызметкерлеріне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Шара барысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтап, олардың рухани-мәдени дамуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, облыстық кәсіподақ төрайымы Үмбетова Раушан Балтабайқызы жылы лебізін білдіріп, сала мамандарының еңбегіне жоғары баға берді. Кәсіби мереке аясында бірқатар кітапханашылар қала әкімінің алғыс хаттарымен, салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен және облыстық кәсіподақтың Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл құрмет – сала қызметкерлерінің еңбегіне көрсетілген лайықты бағалау ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби қызметіне жаңа серпін беретін маңызды қолдау екені сөзсіз.