» » Балаларға базарлық – кітаптар әлемі

Балаларға базарлық – кітаптар әлемі

  №13 балалар кітапханасы 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Балаларға базарлық – кітаптар әлемі» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырды. Шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Алмира Мажитқызы, бастауыш сынып жетекшілері Абдраманова Дәмелі Асанқызы мен Сұлтанғазы Жібек Еркінқызы, 3«В», 3«Ж» сынып оқушылары қатысты.
  Шараның мақсаты – жас оқырмандарға туған елдің тарихы мен мәдениетін, білім мен рухани құндылықтарды насихаттау, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және кітапханаға жаңа оқырмандар тарту.
  Шара барысында кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттерге шолу жасалып, тұрақты көрмелер таныстырылды. Атап айтқанда, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жыл таңдауы болып белгіленген қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары ұсынылды. Сонымен қатар, «Мерейтой иелері», «Балаларға базарлық», «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы», «Жасай бер мәңгі, Қазақстан», «100 кітап – Ұлт таңдауы» атты мазмұнды кітап көрмелері балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Оқушылар кітапхана тарихы туралы мағлұмат алып, өздері оқыған кітаптары жөнінде қысқаша пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің алып тұлғалары – Абай Құнанбайұлының, Ыбырай Алтынсариннің және Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, өз өнерін көрсетті.
22 сәуір 2026 ж. 3

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам