Кітапхана және оқырман
№7 кітапхана 23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында «Кітапхана және оқырман» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – оқырман мен кітапхана арасындағы рухани байланысты нығайту, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Осы орайда ұйымдастырылған кітапханаға саяхат барысында қатысушылар кітапхананың тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. Оқырмандарға кітапхананың құрылымы, бөлімдері, қызмет көрсету бағыттары туралы толық мәлімет беріліп, жаңа әдебиеттер ұсынылды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында кітаптың адам өміріндегі орны, оның тұлғалық дамуға әсері туралы танымдық әңгіме өрбіді. Оқушылар өздерінің сүйікті шығармалары мен авторлары туралы ой бөлісіп, кітап оқу мәдениеті жайында көзқарастарын білдірді.







