Кітап шақырады қонаққа

  23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні мерекесі аясында №2 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап шақырады қонаққа» атты ашық есік күні өтті.
  Шараның мақсаты – жас оқырмандарды кітапхана әлемімен таныстыру, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ оқу мәдениетін қалыптастыру.
  Іс-шараға «Жайна Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері тәрбиеші Жұмахметова Жазираның жетекшілігімен арнайы келіп қатысты. Кітапхана қызметкерлері бүлдіршіндерді жылы қарсы алып, кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Балалар үшін бұл саяхат ерекше әсерге толы болды.
  Кішкентай оқырмандар кітапханадағы түрлі-түсті, мазмұны бай ертегі кітаптарға ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар, заманауи технология элементтерімен жабдықталған «Даналық әліппесі» инновациялық сөйлейтін қаламы мен «Дауысқа құлақ салайық» топтамасы бойынша жарық көрген кітаптар арқылы балалар жануарлардың, түрлі техника түрлерінің және музыкалық аспаптардың дыбыстарын тыңдап, таным көкжиегін кеңейтті. Шара барысында бүлдіршіндерге қызықты мультфильм көрсетіліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Балалар белсенділік танытып, өз әсерлерімен бөлісіп, кітапханаға деген қызығушылықтарын жасырмады.


22 сәуір 2026 ж. 5

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам