» » 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні

23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні

  23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні. Бұл –тек кітапты ғана емес, сол кітапты сақтап, ұрпаққа жеткізіп жүрген жандарға деген іштей құрметтің, рухани тағзымның күні. 
  Аталмыш мерекеге орай қалалық №20 кітапхана «Арай» бастауыш мектебінің оқушыларының қатысуымен «Кітапхана – білім ордасы» атты экскурсия ұйымдастырды.
  Шара барысында оқушыларға кітапхана қорындағы балалар жазушыларының шығармалары таныстырылды. Сонымен қатар балаларға жұмбақтар қойылып, жазушылардың шағын әңгімелері оқылып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні түсіндірілді.
  Шараның мақсаты – балаларға мерекенің мәнін түсіндіре отырып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
23 сәуір 2026 ж. 6

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам