Құндылықтың бастауы – кітапхана

  №17 кітапхана 23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар мерекесі қарсаңында «Сыр Дидары» бөбекжай-бақшасының «Ақбота», «Алтын асық» мектепалды тобының қатысуымен «Құндылықтың бастауы – кітапхана» атты мерекелік іс-шара өткізді.
  Шараның мақсаты – рухани байлықтың қайнар көзі саналатын кітап пен кітапхананың қоғамдағы маңызын насихаттау, жас ұрпақты кітап оқуға баулу, ұлттық және әлемдік әдеби мұраларды дәріптеу.
  Шара барысында «Кітап арқылы әлемді танимыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, балаларға қазақ халқының ертегілері, тұрмыс-салт ертегілері, халық ауыз әдебиеті үлгілері таныстырылды. Сонымен қатар, ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытуға арналған өлеңдер, жұмбақтар мен белгілі балалар ақын-жазушыларының шығармалары ұсынылды.
  Оқырмандар арасында викториналық және танымдық ойындар өткізіліп, Ұлттық кітап күні мерекесінің мәні, кітапхана тарихы мен оның қоғам өміріндегі рөлі туралы мағлұматтар берілді.
  «Ақбота» мектепалды тобының тәрбиешілері Конкашаева Ақтолқын Рахымбекқызы мен Бисенова Ғалия Сартайқызы аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, кітап оқу арқылы ғана ұлттың ой-өрісі дамып, сапалы қоғам қалыптасатынын айтып, кітапхана ұжымына алғыс білдірді.


23 сәуір 2026 ж. 5

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам