23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні
23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған мерекелік шарада кітапхана саласының үздік қызметкерлері марапатталды. Бұл атаулы күн елімізде кітап мәдениетін насихаттау, кітапханашылар еңбегін бағалау және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында кең көлемде аталып өтеді. Мерекелік кеш барысында кітапхана ісінің дамуына елеулі үлес қосқан жүрген мамандарға алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды.
«Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ –нің кітапхана саласының ардагері Сисекеева Райхан Раушанбекқызы көпжылдық еңбегі мен мәдениет саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды. Бұл – кітапхана ісіне сіңірген адал қызметтің лайықты бағасы. Сонымен қатар Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен» кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің» кітапханашысы Жаманаева Айгүл Дарбасқызы марапатталды. Облыс әкімінің алғыс хатымен Құлмағамбетова Шынар Жақсылыққызы, Облыс әкімінің орынбасарының алғыс хатымен Жұмахметова Манат Кеңесқызы, Облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хатымен Мырзағалиева Серіккүл Сейілханқызы мен Айтқұлова Әсел Нұрлыбайқызы марапатталды. Әріптестер марапттарыңыз құтты болсын!







