Кітап әлемі – ғажап әлем

  №18 кітапхана 23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында «Кітап әлемі – ғажап әлем» атты әдеби кеш өткізді. Шараға №197 мектептің 4 «Ә» сынып оқушылары мен жетекші мұғалімі А.Ахмедова қатысты.
  Шараның мақсаты – оқушыларға терең ой мен саналы білімге жетудегі кітаптың маңызын түсіндіру, көркем әдебиет пен мерзімді басылымдарды оқуға баулу арқылы олардың сана-сезімін жетілдіру, білімге деген қызығушылығын арттыру. 
  Кеш барысында кітапхана қорының әр саладағы бай әрі мазмұнды әдебиеттермен толық қамтылғаны жөнінде кеңінен мағлұмат беріліп, оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай қызықты да танымдық кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар, Т.Бекназар мен К.Бақытжанқызы қазақтың белгілі ақын-жазушыларының өздері жатқа білетін өлеңдерін мәнерлеп оқып, көркем сөз өнерінің құдіретін паш етті. Оқушылардың әсерлі оқу мәнері кештің мазмұнын байытып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.
23 сәуір 2026 ж. 6

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам