«Кітап – ғасыр мұрасы»

 №1 кітапхана 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – ғасыр мұрасы» атты ашық есік күнін ұйымдастырды. 
Шараның мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, өскелең ұрпақты рухани бай болуға, оқу мен ойлануға тәрбиелеу, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпірді нығайтып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Балалар әдебиетін насихаттау.  
 Шараға №2 «Бөбек» санаториялық бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері К.Есекеева, Ж.Рүстембекқызы, Г.Маханова, Г.Қайырбаева және мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндері қатысты. 
 Шара барысында оқырмандарға кітапхананың атқаратын қызметі, кітап көрмелері таныстырылып,  кітап – тек білім мен ақпараттың көзі ғана емес, ұлттың тарихы, әдебиеті мен мәдениеті, ата-бабамыздан қалған асыл сөз, шежіре, өнеге мен өсиет – бәрі де осы кітап арқылы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан рухани қазына екені айтылды. Жас оқырмандар оқу, білім, кітап жайлы тақпақтарды мәнерлеп оқып, талғамына сай кітаптарға, ой-өрістерін дамытатын танымдық ойындарға зор  қызығушылықтарын танытып, кітапханаға көңілді саяхат жасады.

22 сәуір 2026 ж. 4

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам