«Кітап мәңгілік елдің мәдени мұрасы»
№15 кітапхананың ұйымдастыруымен №2 оңалту орталығында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап мәңгілік елдің мәдени мұрасы» атты әдеби вернисаж өтті.
Шара барысында қызмет алушылар рухани әлемге бойлап, кітаптың адамзат өміріндегі орны мен маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Қатысушылар түрлі танымдық сұрақтарға жауап беріп, еркін пікір алмасу алаңында өзара ой жарыстырды. Оқырмандар өздері сүйіп оқыған авторлар мен шығармаларды талдап, олардың тәрбиелік мәні мен өмірлік тағылымы жөнінде мазмұнды әңгіме өрбітті.
Іс-шараның ерекше әсерлі сәттерінің бірі – қатысушылардың жатқа оқыған поэзиялық өлеңдері болды. Жүректен шыққан әрбір өлең жолы тыңдаушы көңіліне терең әсер қалдырды.