«Қандай бақыт ақын болып туғаным»
№1 кітапхана Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына орай Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен «Қандай бақыт ақын болып туғаным» әдеби оқу өткізді.
Шараның мақсаты - оқырмандарға ұлт руханиятының көрнекті өкілі, сөз зергері О.Сүлейменовтің шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың көркем әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын ояту.
Мазмұнды шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, кітаптарына шолу жасалды. Жас оқырмандар ақынның «Тыныштық», «Суретшілер», «Домбыра», «Ыстық көл», «Еркіндік», «Қыз қуу» және т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын поэзиясындағы шынайы сезім, адам жанының тазалығы мен өмірге деген құштарлықты терең сезініп, рухани әсер алды.







