» » «Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы»

«Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы»

 №18 кітапханада қазақтың ұлы педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай №197 мектептің 3 «Б» сынып оқушылары және жетекші мұғалімі Г.Ысқақованың қатысуымен «Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» атты тәрбие сағаты өткізілді.
 Шараның мақсаты - оқушыларға қазақтың ұлы педагог-ағартушысы, жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармаларын таныстыра отырып, оның өшпес көркем мұрасын, өлең-жырларын жас ұрпаққа насихаттау. Рухани бай, адамгершілігі жоғары, ұстамы мықты, өз ұлтының асыл қазынасынан сусындай білетін, елінің нағыз ұл-қызын тәрбиелеу.
 Шара барысында кітапхана оқырмандары Б.Ерназар, К.Жеңіс, А.Ережеп, А.Мұхамбетжан, К.Ербол, Ә.Бижан, Н.Бижан Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін жатқа оқыды. Сонымен қатар жазушының кітаптары оқуға ұсынылды.









24 сәуір 2026 ж. 29

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам