» » «Тағдыр жазған жол, тарих қалдырған із»

«Тағдыр жазған жол, тарих қалдырған із»

 №8 кітапхана «Бәйтерек» мектебінің 4 және 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тағдыр жазған жол, тарих қалдырған із» атты кітап көрмесі өткізілді.
 Шараның мақсаты – жас оқырмандарды кітап оқуға баулу, тарихи-танымдық әдебиеттерді насихаттау және ұлттық рухани құндылыққа деген қызығушылығын арттыру.
 Көрме барысында оқушылар ұсынылған кітаптармен танысып, олардың мазмұны мен тарихи маңызы жайында мол мағлұмат алды. 
Іс-шара соңында оқушылар кітапхана жұмысымен жақынырақ танысып, өздеріне ұнаған кітаптарды оқып, бос уақытын мазмұнды әрі тиімді өткізді.
 Аталған көрме жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дүниесін байытуға оң ықпалын тигізді.
24 сәуір 2026 ж. 4

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам