Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым
№8 кітапхана Ақсуат мәдениет үйімен бірлесе отырып «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Кеш барысында салт-дәстүріміз туралы терең түсінік беріліп, қазақтың үлттық ойындары ойнатылды. Домбыра үйірмесінің оқушылары Г.Ерболқызы, Д.Еркін Диас «Беуайдай», Нұртуған жыраудың «Қанеки тілім сөйлеші» сынды жырларын айтты. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Е.Наухан, Т.Айматова өлең-жырларды мәнерлеп оқып, бесік жыры, қыздың сыңсуы, жар-жар жырларынан үзінділер оқылды.







