«Тұңғыш әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлы»
№2 балалар кітапханасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Тұңғыш әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлы» атты кітап көрмесіне әдеби шолу өткізді.
Шара барысында оқырмандарға қазақ халқының даңқты балуаны, тұңғыш кәсіби күрес шеберлерінің бірі, әлемге танылған тарихи тұлға Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен ерлік жолы туралы мәлімет берілді. Қажымұқан 1871 жылы дүниеге келіп, өзінің қайсарлығы мен ерекше күшінің арқасында әлемнің көптеген елдерінде күресіп, бірнеше мәрте чемпион атанғаны айтылды.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарында өз өнерінен тапқан қаражатына ұшақ сатып алып, майданға көмек көрсеткені – оның елге деген шексіз сүйіспеншілігінің айқын дәлелі екені атап өтілді.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа өнеге беру, ұлттық рухты көтеру және тарихи тұлғаның еңбегін дәріптеу. Оның өмір жолы – табандылықтың, еңбектің және Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі.