«Өнерде өшпес ізі бар»
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада қазақ музыка өнерін зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Өнерде өшпес ізі бар» атты музыка сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – композитор Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру және кітапханаға оқырман тарту.
Шара барысында қатысушылар Ахмет Жұбановтың ғибратты ғұмыр жолымен, балалық шағы мен білім алған кезеңдерінен бастап, қазақ музыка ғылымының негізін қалаушы, көрнекті музыкатанушы ретінде қалыптасу белестерімен танысты. Сонымен қатар оның ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі, қазақтың тұңғыш халық аспаптар оркестрін ұйымдастырудағы тарихи еңбегі кеңінен насихатталды. Оқырмандарға Ахмет Жұбановтың өмірі мен еңбегіне қатысты қызықты деректер ұсынылып, рухани әсерлі кеш өтті.
Кездесу соңында оқырмандар назарына Ахмет Жұбановтың «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары», «Құрманғазы» және өзге де құнды еңбектері ұсынылып, кеңінен таныстырылды.







