«Айналдым сенен, Атамекен»
№9 кітапхана мен «Ақжарма мәдениет үйі» ҚМҚК ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына орай «Айналдым сенен, Атамекен» атты облыстық ән байқауы өткізілді.
Іс-шара аясында ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – ақынның туған жерге деген сүйіспеншілікке толы өлеңдері мен әндерінің тәрбиелік мәнін кеңінен таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу.
Көрмеге ақынның жыр жинақтары, ән мәтіндері топтастырылған кітаптар, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар, фотосуреттері мен өмірбаянына қатысты деректер қойылды. Сонымен қатар, ақын сөзіне жазылған танымал әндер туралы мәліметтер келушілер назарына ұсынылды.








