«Тағдыр» - тарих пен рухтың айнасы»

 №1 кітапхана «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша «Тағдыр» - тарих пен рухтың айнасы» атты танымдық сағат өткізді. 
 Шараның мақсаты –  жазушының әдеби мол мұрасын кеңінен насихаттау, оқырманның көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, таным көкжиектерін кеңейту.
 Шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің ұстаздары Г.Жандарбекова, Н. Сәдуов және 8 сынып оқушылары қатысты. 
Шара барысында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының шығу тарихы және жазушы Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, жаппай оқуға ұсынылған «Тағдыр» романының мазмұны баяндалды.  Ұстаздар мен оқушылар тәрбиелік мәні зор шығармадан алған  әсерлерін ортаға салып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар оқырмандарға жазушының өзге де шығармалары насихатталып,  оқуға ұсынылды.
28 сәуір 2026 ж. 19

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам