«Тағдыр» романына арналған «Жыл кітабы»
№4 кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арналған «Жыл кітабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқырмандарды жазушының шығармашылық мұрасымен таныстыру, «Тағдыр» романы арқылы қазақ халқының басынан өткен тарихи кезеңдерді, ел мен жер тағдырын, ұлттың күрделі өмір жолын насихаттау.
Көрме барысында «Тағдыр» романымен қатар қаламгердің өзге де туындылары мен әдебиеттері көпшілік назарына ұсынылды. Келушілер шығарма мазмұны мен тарихи маңызы туралы өз пікірлерін білдіріп, кітапқа деген қызығушылығын танытты.








